Құрылыстың аяқталуын күтудің қажеті жоқ. Мұнда дайын, пайдалануға берілген нысандар ұсынылған. Көшіп келіңіз, жаңа өмірді бүгіннен бастаңыз!
1. Жылдам көшу мүмкіндігі. Тапсырылған үйде пәтер сатып алу құрылыстың аяқталуын және мүлікті пайдалануға беруді күтпей-ақ тез көшуге мүмкіндік береді.
2. Нсанды тапсыруды кешіктіру қаупі жоқ.Жаңа үйіңіз көшуге дайын екенін және құрылыс процесіне байланысты күтпеген жағдайларға тап болмайтыныңызды білесіз.
3. Нысанды "көзбен көріп" бағалау мүмкiндiгi. Сіз құрылыс сапасын, пәтердің жоспарлауын, терезеден көріністі және аумақтың инфрақұрылымын жеке бағалай аласыз.
4. Үй және оның инфрақұрылымы туралы толығырақ ақпарат.Үйдегі тұрақ орындарының, балалар алаңдарының, көріктендіру құралдарының бар-жоғы және оның техникалық жағдайы туралы алдын ала біле аласыз.
1. Бағасы жоғары Құрылысы аяқталған үйлердегі баспана, әдетте, салынып жатқан үйлерге қарағанда қымбатырақ. Бұл тәуекелсіз дайын өнімді сатып алуыңызға байланысты.
2. Таңдау шектеулі Салынып біткен, тапсырылған ғимараттағы қолжетімді пәтерлер саны шектеулі болуы мүмкін және сізге қолжетімді пәтерлердің ішінен таңдау керек болады.
3. Болжап болмайтын көршілер. Салынып біткен, тапсырылған үйде адамдар тұрады. Ал олардың қандай адамдар болатынын алдын ала сіз білмейсіз.
Ықтимал кемшіліктерге қарамастан, көшуге дайын болғандықтан және құрылыс тәуекелдерінің болмауына байланысты алдын ала иеленген үйді сатып алу кеңінен тараған нұсқа болып қала береді.